• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2019

Павлодардағы   «Қыз Жібек» клубына келіңіз

1102 рет
көрсетілді

С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте  «Қыз Жібек» клубының әр факультетте оқитын белсенді студент қыздары  8- Наурыз  әйелдер күніне арналған мерекелік шараға жиналды.

Оқу орнындағы «Қыз Жібек» клубы 2013 жылы құрылды.

Клубтың мақсаты-қазіргі қоғамда білімділігімен,  ұлттық салт-дәстүрге сай өскен «Қыз Жібекті» қалыптастыру, клуб арқылы студент қыздардың сырласатын, ой бөлісетін,   кеңестер алатын  ортасын құру.

 Университетте білім алып жатқан қыздар арасында ұлттық дәстүрді дәріптейтін іс-шаралар, байқаулар және қолөнер көрмесін ұйымдастыру.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, жетім қыздарға психологиялық және материалдық көмек көрсету болып табылады.

Мерекеге арналған шарада   «Қыз Жібек» клубы қыздарымызға салт-дәстүр, тіл, дін, ұлттық киім, ас-мәзірі жайлы құндылықтарға арналған танымдық сабақтар арнады.

Клубтың үйлестірушісі Айнұр Азимханқызының айтуынша, бұған дейін  «Білім +» жобасы бойынша клубта дәстүрлі дініміздің насихатталуы, қыздарымыздың хиджаб кию мәселесі жайлы семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Клуб мүшелері тастанды балаларға барып, қарттар үйіндегі жалғыз басты қарияларға қамқорлық танытыпты.

Кездесу барысында клуб мүшелері өлеңдерін оқып, ән шырқады, «Қоржын білім» байқауында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы қаншалықты білетіндерімен өзара жарысқа түсті.

Мереке алдында қыздар түрлі ұлттық киімдер киіп, әйелдердің жасы мен мәртебесіне байланысты киімнің қалай өзгергенін көрсетті.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Руфина Торпищева